Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы зообағының аюлары жаңа орынға көшірілді

2021 жылдың 11 маусым 2021 13:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағының қоңыр аюлары жаңа орынға көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті достар! Біздің зообақтағы жаңа вольерлерге жануарлар қоныстана бастады. Енді, Герда, Кенай және Коданың жаңа үйшігі бар. Олардың көршілері, біздің жаңа тұрғындарымыз, гималай аюлары – Яшин мен Уссури», - делінген зообақтың әлеуметтік желідегі парақшасында.



Ник пен Нельсон да табиғи топырағы бар, өсімдіктері мол, ішінде бассейні орнатылған ыңғайлы, кең вольерге көшірілді.

«Олардың аталығы да алдағы уақытта жаңа орынға ауыстырылады. Біз жаңа, кең вольерлер салып, зообағымыздағы жануарларға барынша жағдай жасаймыз. Бұл жұмыстарды жалғастыра береміз. Әрине, бұған уақыт пен төзімділік керек», - деп атап өтті зообақтағылар.

Бұған дейін, Алматы зообағының жануарлары аптап ыстықтан қалай қорғанып жатқаны туралы жазған болатынбыз.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Видео, Қоғам, Алматы, Аймақ,
Жоғары қарай