Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы-Жетіген жолында көлік қаққан екі адамның бірі мерт болды

2019 жылдың 24 наурыз 2019 18:30

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы-Жетіген тас жолында екі адамды көлік қағып, 1974 жылғы әйел мерт болды. Ал екіншісі 48 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін 23-ші наурыздан 24-не қараған түні болған. Оқиғаны облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады

«Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-тармағы бойынша сот-алды тергеу басталды. Іс облыстық анықтау басқармасының өндірісінде», - деді аталған ведомство қызметінен.

Қазір екі адамды қаққан Toyota Ipsum көлігі айыптұрағына қойылған. Ал зардап зеккен 48 жастағы ер адам Өтеген батыр ауылындағы ауруханада жатыр.

Жоғары қарай