Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бірқатар жол жабылды

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 20:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы қатты боранның салдарынан республикалық және облыстық бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 қаңтарда сағат 16.50-де Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты (боран, жолда көрудің нашарлауы) «Үшарал-Достық» автожолының 0-184 шақырымында Үшарал - Достық стансасы аралығында («Автодор НС»АБК реконструкциялау учаскесі) автокөліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді.

Сағат 16.30-да «Алматы-Өскемен» автожолының 70-287 шақырымында Қапшағай -Талдықорған қалалары арасындағы учаскеде жүк және қоғамдық автокөліктерге, сондай-ақ «Алматы-Өскемен» автожолында Талдықорған қаласы - ШҚО облысының шекарасы аралығында жолдың 287-615 шақырымында барлық автокөлік жүрісіне тыйым салынды.
Сағат 16.50-де «Алматы-Өскемен» автожолының 615-683 шақырымында Алматы облысы - Таскескен ауылының бұрылысына дейін барлық көліктің қозғалысы шектелді.

Сағат 17.00-де «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» автожолының 126-230 шақырымында Байсейіт-Шонжы ауылдары аралығында барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Сағат 19.00-де «Алматы-Шелек-Қорғас» тас жолының 136-243 шақырымында Байсейіт-Шонжы ауылдары аралығындағы учаскеде барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді (бұл «ҚазАвтоЖол» ҰК « АҚ Ақылы жолдар дирекциясына қарасты учаске).

Сағат 19.30-да «Кеген-Нарынқол» автожолының Кеген - Нарынқол учаскесінде 0-89 шақырымы аралығы барлық автокөліктер үшін жабылды.
22 қаңтарда сағат 18.50-де Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты (қар, бұрқасын, жолдарда көрудің нашарлауы) «Омбы-Майқапшағай» автожолының 756-906 шақырымында Семей қаласы - Қалбатау учаскесінде жүк және қоғамдық автокөліктер қозғалысы шектелді.
22 қаңтарда сағат 19.20-да «Таскескен-Бақты-ҚХР шекарасы» жолының 0-187 шақырымында Таскескен ауылының бұрылысы мен ҚХР шекарасы учаскесінде барлық көлік түрінің жүруіне тыйым салынды.


Жоғары қарай