Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы вокзалында темекі шегіп, ішімдік ішкен 3 адамға айыппұл салынды

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 18:08

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көлік полициясы Алматыдағы темір жол вокзалында темекі шегіп, ішімдік ішкен 3 адамды жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы-1 вокзалының күту залында мас болып жүрген 56 жастағы әйелді ұстады. Анықталғанындай ішімдік ішкен әйел Қостанай облысының тұрғыны болып шықты. Оған (ҚР ӘҚБтК 440 бабы 1 бөлігі) бойынша хаттама толтырып және 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

«Ішімдік ішіп алған Шығыс Қазақстан облысының 41 жастағы тұрғыны «Қызылорда-Семей» бағытындағы пойыздан түсіп вокзалдың перронында жүрді. Оған қатысты материалдар жиқталып Семей қаласының әкімшілік сотына жолданды. Белгілі болғанындай ұсталған ер адам қоғамдық орындарда алкоголь ішкені үшін жыл басынан бері екінші рет жауапқа тартылды»,- деп хабарлады көлік полициясынан.

Сондай -ақ рейд кезінде тыйым салынған жерлерде темекі шегу оқиғасы тіркелді. Бұл факті бойынша Алматы облысының тұрғынына хаттама толтырылып 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Көлік полициясы 32 мың құқық бұзушыны әкімшілік жауапқа тартты.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қоғам, Алматы,
Жоғары қарай