Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы вокзалдары штаттық режимде жұмыс істейді

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 14:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы вокзалдары штаттық режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық мобильділік басқармасы Алматыда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселесін нақтылады.

«Бүгінгі таңда төтенше жағдай режиміне байланысты барлық қалааралық жолаушылар тасымалы уақытша тоқтатылды. Қалааралық тасымалдарды қалпына келтіру мәселесі қаралуда», - деді әкімдікте.

«Қазақстан Темір жолы» ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда темір жол жолаушылар тасымалының жұмысы қайта жанданды. Билеттерді сатып алу орнына қайтаруға немесе айырбастауға болады.

Айта кету керек, халықаралық әуе тасымалы уақытша тоқтатылды. Өзгерістер туралы қосымша хабарланатын болады.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, ҚТЖ, Қоғам, Көлік,
Жоғары қарай