Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы ТЖД әуеде тікұшақтар неге ұшып жүргенін түсіндірді

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 17:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ТЖД тікұшақ техникасының әуеге не үшін көтерілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бекітілген кестеге сәйкес ҚР ТЖМ авиациялық бөлімшелерінің тікұшақтары жаттығу үшін ұшады.

«Жоспарлы түрде жыл сайын осы уақытта ұшу құрамы табиғи өрттерді немесе биік ғимараттардағы өрттерді сөндіру үшін арнайы құралдарды пайдалану машықтарын меңгеруге шығады. Атап айтқанда, су жіберу құралдарын орнатуға, жерде жұмыс істейтін бөлімшелермен бірлесе жұмыс істеуге үйренетін болады», - деді ТЖД өкілдері.

Сондықтан, «Іле Алатауы» мемлекеттік табиғи ұлттық паркі Медеу өңірлік бөлімшесінің «Аюсай» шатқалында тікұшақтар көрінуі мүмкін.


Жоғары қарай