Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы тұрғыны пәтерінде 30 шақты мысықты асыраған

2021 жылдың 19 тамыз 2021 21:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Пәтерінде 30 мысық асыраған алматылық әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ә. Шәріпов көшесінің тұрғындары әкімдіктен көршілеріне қолайсыздық тудырған әйелге қатысты шара қолдануды өтінген.

Алмалы ауданы әкімдігінің өкілдері ветеринарлық -санитарлық қызметпен бірге аталған мекенжайға барды. Мамандар мысықтарды аулап, пәтерді тұрмыстық қалдықтардан тазартты.

Қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, алматылық әйел мысықтарды асырау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 408- бабы бойынша жауапқа тартылды.

Заңда бұл бап бойынша құқықбұзушыға ескерту немесе үш айлық есептік көрсеткіш (8 751 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.


Жоғары қарай