Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы тұрғыны 13 жасар өгей қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды

2021 жылдың 26 шілде 2021 11:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда өгей қызын өлтірді деген күдікпен 47 жастағы ер адам қамауға алынды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Берікқызы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны 13 жасар қызын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. 23 шілде күні Талғар қаласындағы жер үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 13 жасар қыздың денесі табылды. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы қажетті іс-шаралар өткізіп, қыздың өгей әкесін күдікті деп таныды. Белгілі болғандай, ер адам қыздың анасымен азаматтық некеде тұрған екен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оқиға орнынан жасырынған күдіктіні Алматы қаласының аумағында Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлері ұстады», - деді Ш. Берікқызы ІІМ-де онлайн өткен баспасөз мәслихаты барысында.

ІІМ өкілінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бірнеше рет атап өткендей «балалар – қоғамның ең қорғалмаған бөлігі және олардың бақытты әрі қауіпсіз балалық шақтарын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдау біздің міндетіміз. Баланы ренжіткен немесе жәбірлеген, оған психологиялық немесе физикалық жарақат келтірген адамдар қатаң жазалануы керек. Өкінішке қарай, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған заңнаманы жетілдіріп, қатайтуға қарамастан, мұндай қылмыс түрлері жалғасуда. Аталған қылмыс түрлері көбінесе полицияға қолжетімділігі шектеулі тұрғын үйлерде жасалатындықтан, оның алдын алу өте қиын», - дейді ол.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстардың 70%-дан астамын балалардың туыстары, жақын адамдар жасайды. Яғни, аналардың бірге тұратын адамдар, өгей әкелері, туыстары, көршілері, таныстары болып келеді.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Алматы, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай