Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы трагедиясы: Зақым келген нысандарды қалпына келтіру басталды

2022 жылдың 17 қаңтар 2022 18:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздіктен кейін 243 нысан қайта жөндеуді қажет етеді. Оның 27-сі мемлекеттік мекемелерге тиесілі болса, 216-сы бизнес нысандар. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұхит Әзірбаевтың мәліметінше, бүгінгі күнге 216 бизнес нысанының 206-сы тексерілді. Үш нысанға күрделі жөндеу қажет. Олар: «Мерей» сауда үйінің қойма ғимараты, «Мир 24» ТРК ғимараты, Das Auto Service ғимараты. Құрылыс монтаждау жұмыстарының құны анықталуда. 203 нысан ағымдағы жөндеуді қажет етеді. Оның 8-і меншік иелерінің өз қаражаты есебінен қалпына келтірілді. 127 нысан бойынша алдын ала шығын сомасы 56 млн теңгені құрады.

«Аккредиттелген ұйымдар техникалық тексеру, ақаулар актісі мен сметалық есептерді дайындау жұмыстарын жалғастыруда. 10 нысан бойынша тексеру жүргізу және рұқсат алу үшін меншік иелерін іздеу жүргізілуде», - деді қала әкімінің орынбасары.

Мұхит Әзірбаев энергия тиімділігін басқару бойынша 8 нысанда құрылыс монтаждау жұмыстары қайта басталғанын айтты. 19 нысан қысқы кезеңге тоқтатылды. Сондай-ақ жеке құрылыс салушылардың барлық 143 нысанында құрылыс монтаждау жұмыстары қайта жанданды.


Жоғары қарай