Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы трагедиясы: Нұр-Cұлтаннан 360 доза қан жеткізілген

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 22:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі Төтенше жағдай режимі кезінде медициналық авиация резерв үшін Нұр-Сұлтаннан Алматыдағы қан орталығына 360 доза қан жеткізген. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігінің құрылған жедел штабы өңірлермен бірге барлық зардап шеккендерге үздіксіз медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етті. Консультативтік және практикалық көмек көрсету үшін барлық республикалық жетекші клиникалар қосылды.

Ішкі істер министрлігімен бірлесіп Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе қалаларында «СҚ Фармация» дәрілік қоймаларын тәулік бойы күзету қамтамасыз етілді. Онда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде пациенттерді емдеуге арналған барлық дәрі-дәрмектер, соның ішінде есірткі және психотроптық заттар сақталады», - деді министрлік өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, медициналық авиация қызметі де бұл кезеңде жұмысын қалтқысыз орындаған.

«Медициналық авиация резервті құру үшін Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласына қан орталығына 360 доза қан жеткізді. Медициналық ұйымдар дәрілік препараттармен және қан компоненттерімен толық көлемде қамтылды», - деді Әсел Артакшинова.

Жоғары қарай