Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы трагедиясы: Ереуіл кезінде оққа ұшқан БАҚ қызметкерінің отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 19:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында террористер шабуылдаған телеарна редакцияларына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы» телеарнасы ұжымымен кездесуде Бақытжан Сағынтаев қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жүргізуші Мұратхан Базарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Оның отбасына материалдық көмек көрсетіліп, 3 бөлмелі пәтер берілетінін жеткізді.

Сондай-ақ әкім жарақат алған телеоператор Диаскен Байтибаевқа тезірек сауығып кетуін тілеп, жолдастарын эвакуациялауға көмектескен телеоператор Арсен Сандыбаевқа алғысын білдірді.

Оларға материалдық қолдау, сондай-ақ одан әрі оңалтуға көмек көрсетілетін болады.

Бақытжан Сағынтаев телеарнаның барлық қызметкерлеріне тәртіпсіздік кезінде азаматтарды хабардар ету бойынша батылдық пен кәсіби міндеттерді орындағаны үшін алғыс айтты.

Қала әкімі бандалық топтардың қолынан зардап шеккен «Қазақстан», «Хабар», «Мир», «Первый канал Евразия» телеарналары орналасқан ғимараттарды аралап көрді.

Техникалық тексеруден кейін қысқа мерзімде қалпына келтіру басталады.


Жоғары қарай