Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы трагедиясы: Бренд киімдер дүкенін тонаған 3 күдікті ұсталды

2022 жылдың 18 қаңтар 2022 18:24

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ерлерге арналған киім дүкенін тонады деген күдікпен үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бренд киімдер сататын дүкенді тонаған күдіктілерді Алмалы ауданының полиция қызметкерлері қолға түсірді.

Қазақстанның әр өңірінен келген 39, 37 және 33 жастағы үш тұрғын жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, Гагарин көшесінде орналасқан киім дүкенін тонап кеткен.

«Сонымен қатар олардың басқа да заңсыз әрекеттерге қатысқаны анықталды, олар үшін лайықты жаза тағайындалады.

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, күдіктілер жалдамалы пәтерде ұсталған. Ер адамдар ұрланған киімдерді өлшемі мен маусымына қарай сұрыптап үлгерген», - делінген полиция мәліметінде.


Жоғары қарай