Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы тауында жарақаттанған ер адам құтқарылды

2021 жылдың 17 мамыр 2021 21:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы қаласының тауларында жарақаттанған ер адамға дер кезінде көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне 16 мамыр күні Қимасар шатқалында қолынан жарақат алған ер адам туралы ақпарат түсті. Ол өз бетінше қозғала алмады.

Республикалық жедел құтқару жасағының (РЖҚЖ) сарбадары төтенше жағдай болған жерге аттанды.

«Құтқарушылар қолын жарақатап алған жігітті тез тауып алды. Оның жанында бір адам болған. Ол зардап шеккен туриске төменге түсуге көмектесті. РЖҚЖ құтқарушылары алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен жігітті Апаттар медицина орталығының қызметкерлеріне тапсырды», - деп хабарлады «Республикалық жедел құтқару жасағы» ММ-нің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар туристерді тауда сақ болуға шақырады.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай