Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады

2021 жылдың 16 сәуір 2021 17:36

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тауда көшкін жүруінің ықтимал екендігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынның күтілуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 17-19 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады», – деп хабарлады департаменттен.

Мамандар қар көшкіні жүру ықтималдығына байланысты қарлы беткейлерге шығуға болмайтындығын айтады, сонымен қатар тұрғындарға тауда абай болуға кеңес берді.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, оңтүстік астанада демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.


Жоғары қарай