Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы тауларында ерлі-зайыптылар құтқарылды

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 20:56

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Республикалық жедел-құтқару жасағы тауда ерлі-зайыптыларды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таңертең ертемен серуенге шыққан жастар Көкшақыр ауылына дейін көтеріліп, тауды асып өткен. Сол жерде сұңқар ұстайтын жерге жеткен де, түскі 15.00 шамасында кері қайтқан. Алайда жолды шатастырып алып, биік жартастан бір-ақ шыққан.

Қараңғыда кері қайту мүмкін болмаған, себебі дауыл құлатқан ағаштар жолды бөгеген.

Ақпаратты алғаннан кейін зардап шеккендерге көмек көрсету үшін республикалық жедел-құтқару және кинологиялық жасақты қоса алғанда, 6 адам шықты. Аталмыш топ көлікпен Сұңқар тәлімбағына жетті, содан кейін дауыстап іздеп, жаяу жүрді.

2-3 шақырымнан кейін зардап шеккендердің қолшам жарығы байқалды. Құтқарушылар барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, тік жартасты бойлай туристерге жетті. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаса да, тоңа бастаған екен.

«Одан әрі республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы ерлі-зайыптыларға қалыпты жолға түсуге көмектесті, содан кейін зардап шеккендерді экопостқа жеткізді» деді ведомствода.


Жоғары қарай