Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы полициясы тағы бір қаржы пирамидасының ұйымдастырушысын іздестіріп жатыр

2021 жылдың 22 қараша 2021 21:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы қаржылық «инвестициялық» пирамиданың ұйымдастырушысын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша (қаржылық инвестициялық пирамиданы құрып және оған басшылық етті) деген күдікпен 1985 жылы 10 маусымда туған Ораз Әділет Жұмабайұлын іздестіріп жатырмыз. Іздеудегі адам туралы қандай да бір мәлімет болса мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 777 953 51 11, +7 777 224 86 86 немесе 102», - деп жазды Instagram -да Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Осыдан бір ай бұрын, Алматыда «Mudaraban Capital» компаниясының басшысы қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін ұсталған.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай