Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы полициясы пәтерлерді жалға беретін орындарға рейд жүргізіп жатыр

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 01:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Полиция қызметкерлері Абылай хан және Райымбек даңғылдарының бойында арнайы рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылдың басынан бері Алмалы ауданның аумағында 50-ден астам жергілікті рейд өткізілді. Нәтижесінде 300-ден астам адам азаматтарды мазалағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Абылай хан даңғылының бойында пәтер жалға берумен айналысқан 20 адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оның бірнешеуінде ғана осы қызметпен айналысуға патенті бар, қалғаны - салық төлеуден жалтаратын қосалқы жалдаушылар», - дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Оның айтуынша, жалға берушілер пайда табуға ұмтылып, жалға алушылардың әдептілігіне көз жеткізуге асықпайды.

«Іс жүзінде іздеуде жүрген қылмыскерлер пәтерлерді сағаттық және тәулікке жиі жалдайды. Сондықтан рейд күн сайын өткізіліп тұрады. Іс-шара Алмалы ауданынан бөлек Жетісу және Түрксіб аудандарында да өтеді», - дейді Е. Ысқақов.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Заң, Алматы,
Жоғары қарай