Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы-Өскемен трассасының су шайған бөлігі бір айда жөнделетін болды

2022 жылдың 24 мамыр 2022 00:21

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚазАвтожол «Алматы-Өскемен» трассасындағы су шайып кеткен жолды бір айда жөндейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды.

Қазір халық айналма жол арқылы қатынауда.

«Құбырдың су өткізу мөлшерін біз енді көрдік. Жоба бойынша қосылған біздің құбырымыздың қаншалықты өзінің міндетін атқара алатынына көзіміз жетті. Енді басқа да жобалаушы, жол сапасын қадағалайтын, мердігер мекемелермен бірлесе отырып, жиналыс өткізіп, сол сұрақты қарастырып, мүмкіндігінше жаңа құбыр алып келуіміз керек», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаев.

Нұрхат Ақылтаевтың айтуынша, су шайған жол шамамен бір айда жөнделеді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы-Өскемен тасжолы пайдалануға берілмей жатып, су өткізетін құбыр орнатылған тұсын су шайып кетті. Толассыз жауған жауын 2017 жылы жасалған жолдың ағын суды өткізетін учаскесін, ұзындығы үш-төрт метрдей болатын асфальтін шайып кетті.

Айта кетейік, Алматы-Өскемен тасжолының Талдықорған-Үшарал бағытындағы, яғни 313 шақырым жолды қытайдың «СITIC Construction» компаниясы салып жатыр. Жол құрылысына 120 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген.



Жоғары қарай