Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы орталығындағы өрт: Полиция тергеуді бастады

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 19:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда төрт қабатты тұрғын үйден шыққан өртті полиция тексереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 17 қыркүйекте өртенген төрт қабатты үй туралы материалдар Медеу аудандық полиция басқармасына берілген.

«Барлық қажетті сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады полициядан.

Бұған дейін Н. Назарбаев даңғылында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындардың эвакуацияланғаны туралы жазғанбыз.

Кейін өрт 1500 шаршы метр аумақты шарпығаны белгілі болды.

Айта кетейік, қызыл жалынды ауыздықтауға 28 техника мен жеке құрамынан 90 астам адам жұмылдырылды. Оқиға орнында арнайы штаб құрылып, көше толық жабылды.


Жоғары қарай