Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы орталығында атыс болды

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 18:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда атыс болды. Мұндай ақпарат әлеуметтік желіде тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Автордың айтуынша, атыс «Ақбұлақ» шағынауданында болды. Күдікті аңшылық қарудан оқ жаудырған. Қаза болғандардың арасында учаскелік полиция инспекторлары, сот орындаушылары және азаматтық тұлғалар бар.

Алматы қалалық Полиция депараменті әлі нақты ақпарат берген жоқ.

Мәліметтер анықталуда.

Алдын ала мәлімет бойынша, «Жер үйді босату туралы» сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің тұрғыны сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және ТЖД қызметкерлеріне қарсы оқ атқан.
Жоғары қарай