Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Алматы облысының Жаркент қаласында 9 көшеге батыр-билердің есімі берілді

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 20:35

ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат –Алматы облысы Панфилов ауданының орталығы - Жаркент қаласының 11 көшесі жаңа атауларға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жазиралы Жаркент жері ежелден-ақ ән мен жырдың, толайым тарихи оқиғалардың тірі куәсіндей шежірелі өлке, халықтық қадір-қасиетті баяғыдан-ақ мейілінше қастерлеп, айрандай ұйып отырған өңір. Күллі қазақ жеріндегі сияқты мұнда да ел бастаған көсемдер, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен шешендер, айбатты батырлар мен атақты билер өткен.

Биылғы 2020 жылдың алғашқы күндерінде Жаркент қаласының бірнеше көшесіне сондай тұғырлы тұлғалардың есімдері берілді. Атап айтқанда, бұдан былай жаңа шағын аудандағы №6 көше – Ұзын мұрт Ұзақ батырдың, №7 көше – Шойнақ батырдың, №9 көше – Сатай батырдың, №10 көше – Дөнен бидің, №11 көше – Шәнті бидің, №12 көше – Бөлек батырдың, №13 көше – Бағай батырдың, №16 көше – Салпық бидің, бұрынғы «Набережная» көшесі Нұржеке батырдың есімімен аталатын болды.

Сонымен бірге бұрынғы «Шекарашылар» көшесі мен №17 көшеге ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан Тұрғанғазы Жапарқұловтың және Нәби Сарпековтың есімдері берілді.

фото: kolomnaonline.ru
Жоғары қарай