Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының тұрғыны шетелдік 22 азаматты алдаған

2021 жылдың 21 маусым 2021 16:58

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында өзге мемлекет азаматтарын алдады деген күдікпен 44 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылдың 12-14 маусымы аралығында шетелдік 22 азамат полицияға арыз жазған.

«Еңбекшіқазақ аудандық полициясына шағымданғандардың сөзінше, оларға белгісіз әйел еңбек келісімшартын жасауға көмектесемін деп уәде берген. Әрқайсысынан 3-5 мың теңгеден ақша алған. Жедел-іздестіру шарасы барысында Бәйдібек би ауылының 44 жастағы тұрғыны ұсталды. Әйел өз кінәсін мойындады», - делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 187-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Жоғары қарай