Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы облысының полицейлері дәмхананың даяршылары қолды қылған ірі ақшаны заңды иесіне қайтарды

2020 жылдың 22 ақпан 2020 18:42

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -Алматы облысының полицейлері жол бойындағы дәмхананың даяршылары қолды қылған ірі ақша сомасын заңды иесіне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақсу ауданының 46 жастағы тұрғыны Ескелді ауданының кезекші бөліміне жол бойындағы дәмханалардың бірінде күртешесі мен ірі қаражатының ұрланғаны туралы арызданған. Оқиға орнына жеткен жедел топ ер адамның үйіне қайтып бара жатып, «Алматы-Өскемен» автожолының бойында орналасқан дәмханалардың біріне кіргенін анықтады. Түстенгеннен кейін ер адам күртешесін жарты миллионнан астам теңге көлеміндегі ақшасымен ұмытып кеткен. Ол біраз уақыттан кейін күртешесінің жоқтығын байқап, дәмханаға қайта келген, бірақ күртешесін таппаған. Өзіне тиесілі затты қайтаруын өтінген ер адамға мекеме өкілдері күртешені де, ақшаны да көрмегендерін және алмағандарын жеткізген . Оқиға орнына шақырылған полиция қызметкерлері белсенді түрде іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде, 20 және 22 жастағы екі даяшының клиент ұмыт қалдырған күртешенің қалтасынан ірі ақша сомасын көріп, оны ұрлауға бел буғандарын анықтаған. Сөз байласқан екеуі жертөледе орналасқан қосалқы бөлмеге ақшасы бар күртешені жасырған. Тергеу рәсімдерінен кейін табылған күртеше мен ақшаны полиция қызметкерлері заңды иесіне қайтарып берді. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай