Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының полицейлері адам саудасына қарсы акция өткізді

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 14:52

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері адам саудасына қарсы акция өткізді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ішкі істер органдары адам саудасы, бас бостандығынан заңсыз айыру, жезөкшелікпен айналысуға тарту, притондар мен жеңгетайлық ұйымдастыру деректерінің алдын алу және анықтау мақсатында республика аумағында «STOP трафик» операциясының кезекті кезеңін жүзеге асыруда.

«Жедел алдын-алу іс-шарасы аясында Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлері «Талдықорған өңірлік әйелдерді қолдау орталығы» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылды. Панфилов ауданының «Қорғас» арнаулы экономикалық аймағының өткізу пунктінде адам саудасына қарсы күрес бойынша сенім телефонының логотипі бар медициналық маскаларды, сондай-ақ брошюралар мен буклеттерді тарату бойынша акция өткізді»,-деп хабарлайды Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр.

Полицейлер жыл басынан бері Алматы облысының аумағында жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондар ұйымдастырудың немесе ұстаудың 10 дерегі тіркелгенін атап өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты адам саудасымен байланысты қылмыстардың жолын кесу және алдын алу. Заңғы қайшы әрекеттерге тап болған немесе қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы қандай да бір ақпарат білген жағдайларда сенім телефонына 116 16 хабарласу қажет.


Жоғары қарай