Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының орман алқабындағы өрт ошағының көп бөлігі сөндірілді

2021 жылдың 16 сәуір 2021 16:11

БАЛҚАШ АУДАНЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысының орман алқабындағы өрт ошағының көп бөлігі сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14-15 сәуірде Алматы облысы Балқаш ауданында болған өрт «Күрті орман шаруашылығы» КММ Тауқұм орманшылығының, «Бақанас» КММ Көктал және Ақкөл орманшылығының, сондай-ақ Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватының аумақтарын қамтыды.

Тауқұм орманшылығы аумағында өрт 15 сәуір күні кешке тоқтатылды. Оқиға орнында өртті толық оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Оған мемлекеттік орман күзетінен 24 адам, өрт сөндіру көлігі, трактор, 3 жеңіл автокөлік, аудандық ТЖ бөлімінен 6 адам және жеңіл авто қатысты.
Көктал орманшылығында да өрт тоқтатылды. Өртті сөндіруге аудандық ТЖ бөлімінен 22 адам, мемлекеттік орман күзетінен 2 өрт сөндіру машинасы, трактор, 4 патрульдік көлік, аудандық ТЖ бөлімінен 5 адам және өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды.
Ақкөл орманшылығында өрт «Қазавиаорманқорғау» РМҚК 7 адам және аудандық округтен 3 адам күшімен сөндірілді.
Сонымен қатар, Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватының аумағында, Балқаш маңында, Қарағанды облысымен шектесетін Ұзынарал аралында өрт байқалады. Оны сөндіруге 24 адам мен 4 автокөлік жұмылдырылған.
Іле-Балқаш МТР Балқаш маңы филиалына шекаралас Қарағанды облысымен шектесетін Ұзынарал аралы өртеніп жатыр. Өртті тоқтату жұмыстарын 24 адам, 4 автокөлік жүргізуде.
Іле сағасы филиалындағы өрт тоқтатылып, өртті жою жұмыстары жалғастырылуда, өртеніп жатқан жер қамысты, сулы-батпақты, жолсыз аумақтар болғандықтан техниканың, адам күшінің өрт аумағына тікелей кіріп, толық өшіруіне мүмкіндік бермеуде.
Өртті сөндіру кезінде адамдардың жарақаттануы мен шығыны болған жоқ.
Ведомствоның хабарлауынша, өрт көлемі және келтірілген залал туралы ақпарат нақтыланады.

Еске сала кетсек, Алматы облысында Балқаш көлінің жағалауындағы қамыс өртеніп, салдарынан балық шаруашылығына зиян келіп, бір адам зардап шеккен еді.



Жоғары қарай