Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының Кербұлақ ауданында сел жүрді

2021 жылдың 16 шілде 2021 13:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Кербұлақ ауданында нөсер жаңбырдан кейін қатты сел жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Селдің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сел 14 шілде күні сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін Алматы облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінде болды.

«Көксу шатқалында жаңбыр мен бұршақ түріндегі қатты жауын-шашынның салдарынан балшық ағыны жүріп өтті. Осыған байланысты Көксу орман шаруашылығының бірінші кордонына апаратын жол жабылды. Қазір сел тоқтады. Жол тазартылды. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті күн сайын облыс аумағында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел болатыны туралы ескерту жариялайды.



Жоғары қарай