Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы облысының Іле ауданында 3 мың отбасыға азық-түлік таратылуда

2020 жылдың 29 наурыз 2020 00:01

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Іле ауданында 3 мың отбасыға азық-түлік таратылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат лішсі.

«Біз біргеміз!» республикалық акциясына бетон, плитка, пластмасса бұйымдарын өндіретін «Арказ Инвест» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі қолдау білдірді. Игі бастама барысында 3000 қорап азық-түлікті аудан орталығы - Энергетик округінен бастап Байсерке, Жетіген, Қараой, Ащыбұлақ, Междуреченск, КазЦИК, Чапай, Күрті, Боралдай округтеріндегі әр атаулы отбасыға таратуды бастады. Бүгінгі күні Боралдай кенті, Ащыбұлақ, КазЦик, Междуреченск ауылдарының отбасыларына үлестірілді. Алдағы уақытта қалған аумақтар қамтылады. Осы азық-түлікті халықтың әлеуметтік әлсіз тобына тарату жұмыстарына аудандық жастар ресурстық орталығы мен тоғыз округтің еріктілері атсалысуда», - делінген Іле ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.








Ведомствоның мәліметінше, осы акция аясында аудандық мәдениет қызметкерлерінің бастауымен көп рет қолдануға болатын 500 дана бетперде тігіліп, азық-түлікпен бірге отбасыларға таратылған. Сонымен қатар, коронавирустан қорғану жолдары тұрғындарға түсіндірілген.

«Менің отбасымда жолдасыммен бірге үш балам және қайын атам, бауырларым тұрады. Бір шаңырақта жеті адамбыз. Мына қысылтаяң уақытта сіздердің тараптарыңыздан берілген азық-түлік жанұяма үлкен көмек. Қаржы тапшылығынан уақытында ұн-майымызды ала алмай, абдырап қалып едік. Енді міне, осы азықпен бала-шағама кем дегенде бір апта ыстық тамақ әзірлейтінім анық. Осындай күн туған сәтте көңіл бөліп, қалымызды сұрап, ескеріп жатқан аудан басшыларына шынайы алғысымды айтамын», - деді әлеуметтік көмек алушылардың бірі, Ащыбұлақ ауылдық округінің тұрғыны Гульмира Жақыпова.








Жоғары қарай