Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының басқарма басшысы 33 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді

2021 жылдың 21 шілде 2021 09:34

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы мен мердігерлік ұйымның басшыларының үстінен аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тергеуді Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары жүргізіп жатыр.

Басқарма басшысы жауапкершілігі шектеулі серіктестікті нысан құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы деп «таныған». Сатып алу шартының құны 666 млн теңге болса, соның 15%-ын, «кері қайтару» ретінде алдын ала келісілген 90 млн теңгеден 33 500 АҚШ доллары сомасында пара алуда күдікке ілінді. Ең бастысы, аталмыш нысан «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражатқа салынған.

«Лауазымды тұлға, мердігер ұйымның құрылтайшысы мен директоры аса ірі көлемде пара алуға қатысты деген күдікпен ұсталып, Алматы облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын мәселесі талқыланып жатыр. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық істі жүргізу кодексінің 201-бабын бойынша тергеу мүддесіндегі басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды», - деп жазады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.


Жоғары қарай