Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының Алакөл жағалауына Нұр-Сұлтаннан ұшақ күнделікті қатынайды

2021 жылдың 14 мамыр 2021 16:31

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтаннан бет алған 80 орындық «Bombardier DASH 8 Q400» ұшағы Алматы облысы, Үшарал қаласының әуежайына қонды. Әзірге бұл бағыт бойынша ұшақ аптасына төрт рет қатынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда Үшарал әуежайында жұмыс жандануда. Сондай-ақ бүгін Алматы қаласынан 18 жолаушы ұшып келді. Кері бағытқа 29 адам билет алған.

Айта кетейік, «Алматы – Үшарал – Алматы» (күнделікті), «Нұр-Сұлтан – Үшарал - Нұр-Сұлтан» (аптасына төрт рет) және «Талдықорған – Үшарал - Талдықорған» (күнделікті) бағыттары бойынша әуе кемесі жолаушыларды тасымалдайды. Ал 1 маусымнан бастап «Нұр-Сұлтан- Үшарал – Нұр-Сұлтан» ұшағы күнделікті қатынайтын болады.











Билет құны республикалық және облыстық бюджеттен субсидияланғандықтан, жолаушылар үшін тиімді. Мысалы, Нұр-Сұлтаннан Үшаралға билет бағасы – 16 мың теңге, Алматыдан – 15 мың, ал Талдықорған қаласынан 8 мың теңге тұрады.

«Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлы сапары үшін барлық жұмыс атқарылуда. Біздің қызметкерлердің барлығы біліктілігін арттырып, арнайы сертификаттарын алды. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық санитарлық талаптар сақталатын болады»,- деді «Жетісу» авиакомпаниясының президенті Қалмұхамет Дөнсебаев.

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Алакөлге қатынайтын пойыз кестелері бекітілген болатын.








Жоғары қарай