Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысындағы жаппай төбелес: Қазір жағдай тұрақты

2021 жылдың 28 қазан 2021 07:25

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Панфилов ауданы Пенжім ауылында жаппай төбелес болып, бір жасөспірім ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Жағдайды Алматы облысының полиция департаменті растады.

«27 қазан күні Панфилов аудандық орталық ауруханасы Пенжім ауылындағы мектеп аумағынан 16 жасар жасөспірім дене жарақатымен келіп түскен. Тексеру барысында 9 және 10-сыныпта оқитын екі оқушының арасында ауызша дау-дамай туып, оның соңы оқушылар арасындағы төбелеске ұласқаны және оның салдарынан жасөспірімнің зардап шеккені белгілі болды» делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстық іс тіркелді, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталды.

Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы тұрақты, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Ауыл азаматтары мен аудан әкімі, ақсақалдар және Алматы облысы ПД бастығы тарапынан кездесулер мен түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда.





Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Жоғары қарай