Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында жас жігіт 65 жастағы әйелді ұрып, тонап кеткен

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 11:37

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 28 жастағы азамат 65 жастағы әйелді ұрып, тонады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Текелі ҚПБ кезекші бөліміне 65 жастағы жергілікті тұрғын орталық саябақта сағат 18.30 шамасында белгісіз ер адамның шабуыл жасағаны туралы арызданған. Күдікті азаматшаның бетінен ұрып, жеке заттарынан басқа ұялы телефоны мен ақшасы бар сөмкесін тартып алған. Жалпы шығын сомасы 76 мың теңгеден асып отыр.

Аталған дерек ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол бұған дейін де қарақшылық, ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Қаратал ауданы Қаратал ауылының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.


Жоғары қарай