Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Алматы облысында жарты миллионға жуық медициналық бетперде тәркіленді

2020 жылдың 21 наурыз 2020 20:30

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласындағы жеке үйлердің бірінің ауласынан 250 қорапқа салынған медициналық бетперде табылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы санау барысында әр қорапта 1800-2000 дана бетперде бар екені белгілі болды. Болжам бойынша тауарды тиеп, одан әрі жөнелтуге дайындаған.

«Беркут-162» патрульдік экипажы аулаларды жүріп өту барысында қолдан жасалған қойманы байқаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Еш жерде жұмыс істемейтін 1960 жылы туған азамат ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- Талдықорған ҚПБ бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.





Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында күдіктінің медициналық бетперделердің қайдан шыққаны, кімге тиесілі екені және қайда тасымалдау жоспарланғаны анықталатын болады.





Жоғары қарай