Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында жардан аударылғалы тұрған көліктегі жолаушылар құтқарылды

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 17:49

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы жардан аударылғалы тұрған көліктегі жолаушыларды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

23 қаңтарда сағат 3:50 шамасында Қарасай ауданындағы шатқалда құтқарушылардан көмек сұрағандардан хабар келіп түскен.

«6 адам мен 1 техникадан жасақталған жедел топ оқиға орнына аттанды. Белгілі болғандай, тауға шығып бара жатқан автокөлік құлауға шақ қалған, яғни оң жақтағы екі дөңгелегі тік жардың шетінде тұрған. Оны сол тұста өсіп тұрған ағаш тіреп қалды. Автомобильде үш адам болды. Жеңіл көліктің жардан төмен қарай аударылуы қаупінен олар машина салонынан шыға алмаған», - деп аталып өткен баспасөз қызметінің мәліметінде.





Құтқарушылар эвакуацияны бастаудың алдында автокөлікті арнайы құралдармен мықтап бекітіп алған. Содан кейін машинаны жолдың үстіне қарай сүйреп шығарып, зардап шеккен адамдар қауіпсіз жерге жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.


Жоғары қарай