Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы облысында «Жаңа замандағы жаңа Қазақстан» атты сурет байқауы өтті

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 15:40

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Жаңа замандағы жаңа Қазақстан» атты сурет байқауы өтті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқауға қатысушылар жаңа Қазақстанның дамуын, келбетін қиялдарына ерік беріп, суреттеді.

Шараның мақсаты ерекше оқушалардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру. Дарынды жастарды анықтау және көпшілікке шығармашылық шеберліктерін, қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік жасау.

Сондай-ақ, оқушылардың патриоттық сезімін ояту, белсенділігін арттыру.

Шараға жалпы саны 80 оқушы қатысты. Төрешілердің шешімімен үздіктері анықталып, мақтау қағаздарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.




Жеңімпаздар «Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп интернаты» КММ-нің оқушылары. Олардың ішінде:

І орынды 9 «б» сыныбы,

ІІ орынды 6 сыныбы,

ІІІ орынды 10 «а» сыныбының оқушылары ие болды.

Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық оқушыларға ынталандыру алғыс хаттары табысталды.

Айта кетсек, бұл байқау Талдықорғанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.














Жоғары қарай