Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Алматы облысында үш жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

2019 жылдың 19 наурыз 2019 11:45

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында үш жасар қыз бала төртінші қабаттың балконынан құлап кетті. Оқиға Текелі қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 ақпан күні екі учаскелік полицейден жергілікті 29 жастағы әйел көмек сұраған. Анықталғандай, қолындағы кішкентай бала анасы жоқ кезде балконға шығып, төртінші қабаттан құлап кеткен. Полицейлер баланы қызметтік көлігімен ауруханаға жеткізді», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Үш жасар баланы жағдайы ауыр болғанына қарамастан дәрігерлер құтқарып алып қалды. Алайда сәбидің жағдайы сонда да ауыр. Бүгін дәрігерлер оны Талдықорғанның ауруханасына ауыстыруды жоспарлап отыр.

Жоғары қарай