Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы облысында тауда жоғалып кеткен төрт жасар бала аман-есен табылды

2022 жылдың 17 мамыр 2022 14:11

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында тауда жоғалған төрт жасар бала алты сағаттан кейін табылды. Баланы іздеуге 100-ден аса адам жұмылдырылған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16 мамыр күні сағат 20:30-да Алматы облысы ТЖД Кербұлақ ауданы Доланалы ауылының маңында 2018 жылы туған баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Ата-аналардың мәліметі бойынша, түскі уақыт шамасында олар төрт жасар баламен бірге таулы аймаққа саңырауқұлақ теруге шыққан. Бір сәтте ата-аналар көліктің жанында ойнап жүрген баланың жоқ екенін байқаған. Үш сағатқа жуық ата-аналар баланы өз бетінше іздестірген, содан кейін ТЖД-дан көмек сұрады.




Іздестіру-құтқару жұмыстарына Алматы облысының ТЖД қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті тұрғындар, саны 100-ден астам азаматтар және 1 іздестіру иті дереу кірісті.

Іздеу нәтижесінде сағат 23:30-да бала жоғалған жерден 3 км қашықтықта табылды және дәрігерлердің тексерісінен кейін ата-аналарына тапсырылды»,- делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта баланың денсаулығына төнген қауіп жоқ.





Жоғары қарай