Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында сирек кездесетін сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалды

2021 жылдың 20 сәуір 2021 19:34

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы видеоны ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-те жариялады.

«Достар, біздің ел ерекше жануарларға бай. Солардың бірі - сібір тау ешкісі. Бұл керемет тұяқтылар Жоңғар Алатау ұлттық паркінде камераға түсіп», - деп жазды ол.


Оның айтуынша, 2020 жылы парк аумағында таутекелерге санақ жүргізілген. Нәтижесінде олардың саны - 1596 бас. Текесінің семсер тәрізді, көлденең бунақты, ұзындығы 140 см-дей мүйізі болады, ешкісінің мүйізі 40 см-дей.

«Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде фото-тұзақтар құру арқылы таутекелердің таралу аумағына, маусымдық құбылыстарына тұрақты бақылаулар жүргізіледі», - деп жазды Самал Ибраева.


Жоғары қарай