Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында сібір елігін заңсыз атқан ер адам 1 жыл 6 айға сотталды

2021 жылдың 12 қазан 2021 20:49

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Жамбыл ауданы аумағында табиғатты қорғау бөлімінің полицейлері заңсыз аң аулаумен айналысқан 39 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арнайы рейд барысында Ынтымақ ауылының маңындағы аңшылық алқап аумағында қолына түскен азамат Ресей Федерациясының тумасы болып шықты. Ол тиісті рұқсаты жоқ болғанына қарамастан заңсыз аң аулаған.

«Ер адам өзінің мылтығымен 2 сібір елігін заңсыз атып алған. Осылайша жануарлар әлеміне 2 083 500 теңге көлемінде зиян келтірген. Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК 337-бабы бойынша тергелді. Барлық заттай дәлелдер тәркіленді. Ұсталғаннан кейін аңшы сот алдында жауап берді. Сот қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, аң аулаумен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері үнемі аң аулау және балық аулау ережелерін сақтау, браконьерлік фактілерінің алдын алу бойынша рейдтер жүргізеді.

«Бұл іс-шаралар мүдделі ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп өткізіледі. Жыл басынан бері облыста 132 қылмыстық іс қозғалып, 1033 табиғат қорғау заңнамасын бұзу әрекеті анықталды», - деді Алматы облысы ПД Табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы полиция майоры Серік Байғозинов.


Жоғары қарай