Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Алматы облысында салығы төленбеген Toyota Land Cruiser тәркіленді

2019 жылдың 11 желтоқсан 2019 17:52

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көлік салығы бойынша берешегі үшін Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлік тәркіленді. Көлік иесінің берешегі 1 млн теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері полиция департаментінің және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлерімен бірлесіп, жолдардағы салық қарызы бар автокөліктерді анықтау және оларды арнайы айыппұл тұрағына қою бойынша рейд жүргізу кезінде ірі борышкер-автокөлік иесін ұстады», делінген хабарламада.

Рейд Алматы облысы бойынша МКД қызметкерлері полиция департаменті және жеке сот орындаушыларының палатасымен бірлесіп ұйымдастырған профилактикалық іс-шара аясында өткізілді.

«Алматы-Бішкек» автотрассасында рейд жүргізу барысында жол полициясы қызметкерлері Toyota Land Cruiser 100 маркалы автокөлікті ұстады, «KRSPI» базасының мәліметтеріне сәйкес, 2015-2018 жылдары көлік салығы бойынша берешектері үшін жалпы сомасы 1 268,0 мың теңгеге мәжбүрлеу шараларын қабылдау туралы сот орындаушысының қаулысы бар.

Иесі қарызын өтегенге дейін сот орындаушылары көлікті Қарасай ауданындағы полицияның мамандандырылған айыппұл тұрағына қойды. Автокөлік иесіне салығы бойынша қарызды өтеу міндеттелді.

Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы МКК сайтында тексере алады. , 2019 жылы жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Басты сөздер: Көлік, Алматы облысы, Салық,
Жоғары қарай