Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында полицияға қару өткізгендерге 6 млн теңгеден аса сыйақы төленді

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 04:40

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында қаруды заңсыз сақтау әрекеті бойынша 19 қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында 26 355 азаматтық қару иелері тексерілді. Қаруды сақтау, тіркеу және қайта тіркеу ережелерін бүзудың 984 ыактісі анықталды. Атыс қаруы мен оның оқ-дәрілерін заңсыз сақтау фактілері бойынша 19 қылмыстық іс қозғалды (ҚР ҚК 287-бабы). Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иемденгені, бергені, өткізгені, сақтағаны, алып жүргені, тасымалдағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша 37 азамат әкімшілік жауапқа тартылды.

«Аталған іс-шаралардың нәтижесінде қарумен байланысты қылмыстар мен ұрлық төмендеді. ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес, биыл 20 сәуірден бастап Алматы облысының аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізіледі. Полиция департаменті және облыстың барлық қалалық, аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінде тапсырылған қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың техникалық жай-күйін, сондай-ақ сыйақы мөлшерін анықтау жөніндегі 21 комиссия құрылды. Бүгінгі күні Алматы облысының аудандық және қалалық полиция бөлімшелері жалпы сомасы 6 млн.58 мың 691 теңгеге 99 бірлік қаруды (89 бірлік тегіс ұңғылы, 9 бірлік ойық ұңғылы, 1 бірлік травматикалық және 176 дана ойық ұңғылы патрондар) өз еркімен тапсырған азаматтардың 74 өтінішін тіркеді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда»,- делінген Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Заң, Алматы облысы,
Жоғары қарай