Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында пәтерлері өртенген 14 отбасы баспаналы болды

2018 жылдың 5 шілде 2018 16:44

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Жансүгіров ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Былтыр күзде пәтерлері өртеніп, далада қалған 14 отбасыға жаңа үйлердің кілттері табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоныс иелерін құттықтауға Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов арнайы келіп, көпшіліктің қуанышына ортақтасты. Баспаналы болған тұрғындар аз уақытта жаңа үй тұрғызып, игіліктеріне тапсырған облыс, аудан басшылығына алғыстарын жеткізді. Бұл үйлер 100 пайыз отандық құрылыс өнімдерінен тұрғызылған. Әрбірінің көлемі 70 шаршы метр шамасында. 1 үйдің құрылысына шамамен 9,5 млн теңге жұмсалған. Ауласын абаттандырып, қора-қопсы салып, инженерлік желісін тартқанға 6,5 млн теңге бөлінген. Сонда 1 үйдің құны 16 млн, ал 14 үйге 224 млн теңге қаржы кеткен.




nullЕстеріңізге сала кетейік, былтыр қазан айында Ақсу ауданына қарасты І.Жансүгіров ауылында 2 қабатты үй өртеніп, 32 адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Облыс орталығынан 120 шақырым жерде орналасқан І.Жансүгіров ауылында өрт шыққаны туралы хабар таңғы сағат 08:00-де жеткен. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткен кезде тұрғын үйдің шатыры толық өртеніп, екінші қабаттың төбесі жана бастаған. 16 пәтерлі бұл үй 1959 жылы тұрғызылған екен.



null

Жоғары қарай