Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Алматы облысында қымбат көлік ұрлаған топ ұсталды

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 19:51

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қымбат көліктерді айдап әкетумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. 4 ер адамның кейбірі бұрын істі болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік ұрлаушыларды Алматы облыстық криминалды полиция басқармасының қызметкерлері ұстады. Олар Іле ауданы мен Қапшағай, Алматы қалаларында қымбат көліктерді, атап айтқанда Toyota Camry 50 және 55 маркаларын ұрлағаны үшін күдікке ілінген. Қазіргі таңда оларға желтоқсан және қаңтар айында 3 көлікті айдап әкетті деп нақты айып тағылып отыр.

Ұрланған көліктің бірі Жамбыл ауданындағы жабық гаражда табылған. Күдіктілердің бірі 8 рет көлік ұрлау фактісі бойынша жауапқа тартылса, тағы біреуі зорлау, ұрлық және ұрып-соғу деректері бойынша істі болған.

Барлығы Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары. Олар арнайы электронды құрылғы арқылы көліктің дабылын өшіріп тастап отырған. Бұл іс облыстық полиция департаменті басшыларының жіті бақылауына алынған.


Жоғары қарай