Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында КВИ жұқтырған 143 жүкті әйел ауруханада жатыр

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 14:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында пандемия басталғаннан бері 665 жүкті әйел вирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы обылысы денсалық сақтау басқарма басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай ақпарат берді.

«Бүгінгі дерек бойынша, коронавируспен аурудың 47 082 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 665 жүкті әйел бар. 143 жүкті әйел стационарлық ем алып жатыр. Үй карантинінде 49 болашақ ана бар», - деді басқарма өкілі.

Сондай-ақ, брифингіде өңірдің бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов вакцина алған тұрғындардың вирус жұқтыру көрсеткішін атады.

«Алматы облысында бірінші компонентті вакцинаның 773 155 дозасы, екінші компоненттің 716 150 дозасы жеткізілген. Қазір Алматы облысында вакцина алғаннан кейін COVID-19 індетімен ауырған 803 адам тіркелген. Бұл жалпы науқастанғандардың 0,1 пайызы деген сөз. Ауырғандардың негізгі бөлігі - вакцина алмағандар екенін өздеріңіз де білесіздер», - деді Ерғали Сыдыманов.


Жоғары қарай