Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында коронавирус жұқтырған 49 науқастың жағдайы ауыр

2021 жылдың 14 мамыр 2021 14:38

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында өткен тәулікте 222 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соның ішінде Талдықорған қаласында - 51 жағдай, Талғар ауданында – 48, Жамбыл ауданында – 20, Ұйғыр ауданында – 17, Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында 15 жағдайдан, Панфилов ауданында – 13, Қарасай және Қаратал аудандарында 10 жағдайдан, Ескелді және Сарқан аудандарында 7 жағдайдан, Текелі қаласында – 3, Алакөл ауданында – 2, Балқаш, Кербұлақ, Кеген аудандары мен Қапшағай қаласында 1 жағдайдан тіркелген.

Өңір «сары» аймақта.

Ауруханаларда 2068 адам ем қабылдап жатыр. Соның 49-ның жағдайы ауыр.

Бір тәулікте 164 адам ауруханаға жатқызылды.

Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 43,1% толған.

Өткен тәулікте облыс бойынша 388 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Соңғы 3 күнде 8262 адамның сынамасы ПТР зертханада тексерілді.

Науқастармен қарым-қатынаста болған 328 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.


Жоғары қарай