Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында Көкбел ауылының тұрғындары толық вакцина салдырды

2021 жылдың 19 қыркүйек 2021 04:53

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Райымбек ауданындағы Көкбел ауылының тұрғындары толық коронавирус вакцинасын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Райымбек ауданында 21 000 адам 65-100 жас аралығында, оның 16 184-і коронавирус инфекциясына қарсы екпені толықтай алды. Бүгінгі күнде, тұрғындардың 77 пайызы вакцинацияланған. Вакцинациялаумен мұғалімдер - 90, мемлекеттік қызметкерлер - 94, медицина қызметкерлері - 98 пайыз қамтылды.

«Халықты вакциналау үшін 11 екпе кабинеті және 1 көшпелі егпе бригадасы жұмыс істеп жатыр. Екпені 100 пайыз Көкбел, Тегістік ауылдарының тұрғындары алды. Қайнар, Қызылшекара ауылдары 94 пайызға жетті. Қазіргі кезде екпемен үйде отырған, зейнеткерлер, диспансерлік есептегі адамдар қамтылуда», - делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, Райымбек ауданының Көксай ауылында 736 адам тұрады. 49 адам денсаулық жағдайына байланысты екпе салдырудан босатылған. 250-і кәмелет жасқа толмаған бала. 437 ауыл тұрғыны COVID-19-ға қарсы толықтай вакцина алды. Ауыл мұғалімдері де екпені толықтай салдырды.

Көксай ауылындағы орта мектепте 110 оқушы білім алып, 37 мұғалім қызмет етеді. Жалпы айтқанда, оқу орны жеткілікті көлемде жеке қорғаныш құралымен қамтамасыз етілген. Кабинеттерде күнделікті дезинфекция жүргізіліп, сабақтарда балалар әлеуметтік қашықты сақтайды, бетперде киіп отырады.

Айта кетейік, бүгінгі күні облыста вакцинаны бірінші бөлігін 727 982 адам салдырды, ал екінші компонентті 613 624 адам алды.

Жоғары қарай