Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында кәсіпкер аудандық ауруханаға 15 оттегі концентраторын сыйға тартты

2020 жылдың 25 шілде 2020 23:28

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысындағы Кербұлақ ауданда кәсіпкері аудандық орталық ауруханаға 15 оттегі концентраторын сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Демеуші өзінің есімін жасырын қалдыруды сұрады. Оның айтуынша таяуда тағы да 5 аппарат жеткізілмек.

«Бүгінгі таңда Кербұлақ ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған 67 адам тіркелді. Оның 17-сі симптомды. Олар облыстық оперативті штаб бекіткен аймаққа ем қабылдауға жіберілді. Ал аудандық ауруханада 55 науқас пневмониядан емделіп жатыр, оның 5-і жансақтау бөлімінде. Сондықтан оттегі концентраторы бізге өте қажет болатын. Құрылғының мүмкіндігі зор. Аталған аппараттарды бір тәулікте жеткізіп, көмек көрсеткен демеушіге аудан тұрғындары атынан және дәрігерлер атынан айтар алғысымыз шексіз. Енді дәрігерлер емделушілерге оттегі концентраторының көмегімен уақытылы жәрдем көрсете алады», - деді Кербұлақ орталық аудандық аурухананың директоры Қайрат Ержанов.

Айта кетейік, аудандық ауруханада алғашында 35 провизорлық, 35 обсервациялық орын болған, қазір бұл 90 орынға дейін көбейтілді. Індетпен күреске 100-ге жуық медицина қызметкері жұмылдырылды.

Жалпы маусым, шілде айында 202 науқас тіркелді. Қазір олардың 142-сі емделіп шықты. Ал 55-і арнайы ем қабылдап жүр.

Жоғары қарай