Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы облысында кәсіпкер 6 млн теңгеге жуық шығынға ұшырады

2019 жылдың 24 қазан 2019 18:10

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында «Альфа АЖ» серіктестігі 6 млн теңгеге жуық шығынға ұшарыды. Аталған серіктестіктің басшысы Ақсу ауданында жер қойнауынан қиыршық тастарды өндіруге рұқсат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірақ Ақсу ауданының әкімдігі алғашқыда жер қойнауын қолдануға рұқсат беріп, артынша келісім шартты бұзған. Себеп, аталған жер ауылшаруашылық мақсатындағы телім болып шығыпты.

ҚР Жер кодексінің 90-бабына сәйкес ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді өзге мақсатта пайдалануға рұқсат жоқ. Енді екі ортада қалған «Альфа АЖ» серіктестігінің басшысы Асқар Жаманқұлов шығынға ұшырап, әділдік іздеп жүр. Ал кәсіпкердің құқығын қорғаумен Алматы облыстық Кәсіпкерлер палатасы айналысып жатыр.

«Бұл жерде жергілікті атқарушы органдардың жіберген заң бұзушылықтары анықталғандықтан, тиісті органдарға тиісті құжаттарын жолдадық. Әділ шешім болады деген үміттеміз», - деді Алматы облыстық кәсіпкерлік палатасындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің басшысы Әділет Сұлтанбек.
Жоғары қарай