Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында карантин талаптарын бұзуғандарға 69 млн теңге айыппұл салынды

2021 жылдың 22 шілде 2021 14:18

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Алматы облысында карантин талаптарын бұзушыларға 69 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, облыста жергілікті атқарушы органдар жанында 268 мониторингтік топ жұмыс істейді, олар халықтың санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шараларды сақтауын бақылайды.

Жыл басынан бері мониторинг тобы 22 мыңнан астам рейд жүргізді, 127 мың нысан қамтылды, 1082 карантин режимінің бұзылу фактісі анықталды.

«590 нысанға 69 миллионнан астам сомаға әкімшілік жазалар қолданылды, оның ішінде 149-ы жаппай отбасылық және ұжымдық іс-шараларды (той, ұзату, құдалық және туған күндер) өткізу бойынша қоғамдық тамақтану объектілеріне салынды. Маскалық режимді сақтамағаны үшін жеке тұлғаларға 430 хаттама және отбасылық іс-шараларды өткізгені үшін 40 хаттама толтырылды», - деп хабарлады ведомство.


Жоғары қарай