Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы облысында қарақұйрықты атқан қорықшы ұсталды

2020 жылдың 9 сәуір 2020 10:29

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысында Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықты атқан қорықшы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы операция барысында заңсыз аң аулаған, сондай-ақ қару мен оқ-дәрі сақтаған «К» есімді Ұлттық табиғи саябақтың мемлекеттік инспекторын ұстады. Тінту барысында полиция қызметкерлері азаматтан Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықтың етін және тіркелмеген оғы бар ойық ұңғылы екі мылтықты тәркіледі.




«Ұсталған қорықшы бекітіліп берілген алқаптарда табиғатты қорғауға, аң аулау ережелерін бұзуға жол беруге тиіс болатын. Алайда, ол Ұлттық саябақтың аумағындағы ерекше қорғалатын аймақта аң атып алған. Жедел уәкілдер қадағалау жүргізіп, оның барлық заңсыз әрекеттерін дәлелдеді», - деді Алматы облысы ПД Тергеу басқармасының аға тергеушісі Ернар Қалтаев.




Аталған дерек ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігінің 1, 2, 3-тармағымен, 287-бабының 3-бөлігімен тіркелді сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімге тіркелді. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, сот-биологиялық сараптама тағайындалды.


Жоғары қарай