Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында ірі көлемде есірткі сақтаған азамат ұсталды

2021 жылдың 12 қазан 2021 21:56

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ірі көлемде есірткі сақтаған азамат ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктіге аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу және сақтау бойынша айып тағылды.

Талғар ауданындағы ауылдардың бірінде Алматы облысы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 54 жастағы С. атты азаматтан салмағы 54.65 грамм «гашиш» есірткі заты деп танылған зат сатып алынды. Аталған факті ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі «есірткі заттарын ірі мөлшерде заңсыз өткізу»бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында, тұрғылықты жерін тінту кезінде күдікті өз еркімен өзіне тән иісі бар өсімдік тектес жасыл түсті ұсақталған заты бар 4 полиэтилен пакет берді.

Бұдан басқа, «Арчибальд» қызметтік-іздестіру итінің көмегімен негізгі ғимаратқа жапсарлас құрылыстардан жедел уәкілдер ұқсас заты бар екі пластмасса бөшкелерді тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат есірткі болып табылады. Марихуананың жалпы салмағы 2 кг.385 грамм.

Аталған факті ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау». Осы аталған баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.


Жоғары қарай